Абай хакімнің оқулары шәкірттерге дәріптелді.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің жанындағы «Әйел-қыздар» секторының жауапты өкілі Бакирова Арай ұстаз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне қыздар арасында "Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті" тақырыбында рухани мәдени кеш өткізді. Кеш барысында Абай оқулықтарынан сайыс өтті. Халқымыздың біртуар тұлғасы Абай хакімнің қара сөздері мен өлеңдерін оқудан бас қосқан отырыс ғибратты насихаттармен жалғасты. Студенттер мен мешіт шәкіртеріне Арай ұстаз қазақ қызына тән инабаттылық, ибалық пен әдептер, мұсылман бойында болуы тиіс сипаттар жайында насихат айтты. Жиналған жастардың арасында белсенділік танытқандарға сыйлықтар тарту етілді. Аты аңызға айналған ата-бабаларымыздың өшпес өнегелерімен сусындау арқылы бүгінгі жастың санасына рухани құндылықтарды дарыту басты мақсат. Бүгінгі басқосу соның айғағы.

Осы негізде Жезқазған аймағында да "Абай және Ислам діні" тақырыбында әйелдер жамағатымен кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ​ ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп жеткізу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Рухани кеш ​ алдымен Құран оқумен ашылып, кейін Абай Құнанбайұлының өмірбаяны қысқаша таныстырылды. Сонымен қатар Абай өлеңі мәнерлеп оқылып, күй тартылды. Кеш соңында Абайдың қара сөздерінің шариғатпен ұштастығы ​ талқыланды.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін