«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының аға оқытушысы А.И.Сүлейменова, қоғам қайраткері, саясаттанушы С.Х.Мұстафин және облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Н.О.Мұсабеков «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы және ұжымымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында білікті мамандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жайында сөз қозғап, тыңдаушылардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға тұщымды жауап берді. Ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысы әрі қарай да өз жалғасын табады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін