Қайырымдылық істердің қатары артты

Карантин кезіндегі көрсетіліп жатқан көмек түрлері азық-түлік таратумен қатар, бетперде беру және жаңа сойылған жылқы етімен де үлестірілуде. Шахан кентіне қарасты "Салкен молда" мешітінде тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына осы негізде қайырымдылық көмек көрсетілді. Қарағанды облыстық "Зекет" корпоративтік қорымен бірлесіп жасалған ізгі іс-шара барысында мешіт имамы Амирханов Сырым кент тұрғындарына екі жылқы, бір қой (жалпы салмағы 450 кг) етін таратты. Оның 130 кг-ы жергілікті қарттар үйіне, қалған бөлігі жекелеген алпыс отбасына жеткізілді. Сондай-ақ сақтық шараларын күшейту үшін бетперделер тегін берілді. Ия, қайырымдылық – асыл қасиет.  Дініміздің ең басты бағыттарының бірі. Сауапты іс жасап, қиындықта адам баласына қол ұшын созуға атсалысқан жомарт жандарға Алланың берекеті болсын демекпіз. Облыстық "Зекет" қорының өкілі Джаримбетов Мұхитпен бірлескен түрде облыс көлемінде атқарылып отырған игі істер жалғасын таба бермек. Бірлескен істің берері де, нәтижесі де мол болады.  

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін