Рамазан қоржыны жүзден астам отбасына жеткізілді

Діни басқарманың төрт бағытының бірі – қайырымдылық. Елімізде төтенше жағдай басталысымен қала мешіттері, "Зекет" корпоративтік қоры, "Ана-Мама" қоры қайырымдылық бағытындағы көптеген сауапты істерге белсене кіріскен болатын. Төтенше жағдай жарияламастан бұрын да мешіттеріміздің осы бағыты өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Бүгінде дін жанашырлары «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасын жүргізу арқылы демеуші азаматтардың көмегімен азық-түлік, қаржылай қолдау, бетперде, дәрі-дәрмектерді ерікті жамағаттардың көмегімен жеткізіп беру жұмыстарын  кеңінен атқарды. Осы бағыт бойынша қазіргі таңда имамдар қарқынды жұмыс жасап, ораза айы басталғалы 1630 отбасына азық-түлік таратылды. Күніне 120 адамға тұрақты түрде ауызашар беріліп келеді. Төрт мыңға жуық бетперде таратылды. 200-ден астам жуық ерікті жастар жұмылдырылды. Осы атқарылған шаруалардың барлығы имамдарымыздың қажырлы табандылығы мен қайырымды жандардың қолдауы арқылы іске асып отыр. Осы бағыттар бойынша кеше тағы да 100-ден астам отбасына азық-түлік қоржыны таратылып, сауапты істердің қатары артты. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы игі істерге атсалысқан азаматтарға ҚМДБ-ның атынан алғыс айтып, қосымша жергілікті БАҚ өкілдеріне рамазан айындағы ерекешеліктер турасында сұхбат берді.  

 

        

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін