Облысқа қарасты ауыл имамдарымен жиын өтті

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде өңірге қарасты ауыл имамдарымен келелі мәселелер қамтылған кезекті жиыны өтті. Облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  ауылдық аймақтағы діни ахуалдың барысы, насихат жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, қайырымдылық шаралар, жамағат арасындағы байланыс пен жат ағымдармен жұмыс деңгейі турасында есептерін тыңдады.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынып отырған бағыты мен кезек күттірмейтін іс-шараларының мақсаты турасында ауыл имамдарына бағыт-бағдар берілді. "Жастар секторы" бөлімінің жауапты өкілі, наиб имам Нұржігіт Оразалыұлы рухани істер мен жастардың тәрбиесіне қатысты атқарылатын істердің уақыт талабына сай  жүргізілуін түсіндіріп өтті. Ауыл имамдары да облыстың бас имамымен өз тараптарынан ұсыныс, пікірлерімен бөлісті. Ауыл имамдарына жігер берген жиынға 66 дін қызметкері қатысты.   

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін