Қарағанды өкілдігі жергілікті БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады!

Баспасөз ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі – журналистер күні қарсаңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысындағы өкіл имамының бастамасымен  облыстық  «Әнет баба» мешітінің ұжымы облыстағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ журналистерін және облыстағы меншікті тілшілерін кәсіби мерекелерімен ұттықтады.

Халық арасында: «Бұқаралық ақпарат құралдары – халықтың көзі мен құлағы» деген ұғым қалыптасқан. Шындығында да, ауылдарда, аудандарда, облыстарда, республикада, бүкіл әлемде болып жатқан барлық жаңалықтарды, оқиғаларды, жақсылықтар  мен  кемшіліктерді осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есітіп, көріп, оқып білеміз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Ислам діні насихат арқылы тарайды» деген болатын. Ал, бұқаралық ақпарат құралдары – керемет насихат  құралдары  десек,  артық айтқандық болмас. Сондықтан, діни қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халыққа діни насихат  таратады. Яғни, журналистермен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қоян-қолтық бірлесіп жұмыс істеуге ынталы.

Аллаға шүкір, Қарағандыда барлық бұқаралық ақпарат құралдары бірлесіп тізе қоса жұмыс істеп, Ислам дінінің тәлімдік-тәрбиелік құндылықтарын  халыққа нсаихаттап келеді.

Алдағы  уақыттарда да бірлесіп жұмыс істеп, Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін асыл дінімізді – Ислам дінін халыққа кеңінен насихаттай берейік!  

ҚМДБ-ның Қарағанды өкілдігі бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін