«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ(ФОТО)

        Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында ҚМДБ Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде де құрбан шалып, дұға ету шарасы өтті.

          ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай өткізіліп жатқан шара «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд қажының ұйымдастыруымен өз жалғасын тапты. Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  имамы Өмірзақ қажы Бекқожа арнайы қатысып, көпшілікпен бірге  Құран хатымын жасап, Алладан еліміз үшін амандық сұрап, дұға жасады.

Жамағаттың қолдауымен жүзеге асқан игі шара барысында бір сиыр, үш қой арнайы  шалынып, құрбан еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін