«БАЛКЕН АНА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ

Екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыз ﷺ: 

«Садақа еш уақытта байлықты кеміптпейді»,-деген. (Муслим)

Құранда бұл туралы: 

«...Сендер не жұмсасасаңдар да Ол оның /жұмсағандарыңның/ орнын қайта толтырады. Ол ‒ ризық берушілердің ең қайырлысы», ‒ деп баяндалған. («Сәба» сүресі, 39-аят)

Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданының Ростовка ауылдық округі, «Балкен ана» мешітінде қайырымдылық шарасы жүзеге асты. Екі ірі қара мал құрбандыққа шалынып, жағдайы төмен отбасыларға, науқас жандарға және аймақтағы ақ халатты абзал жандардың отбасына үлестіріліп берілді.

         «Балкен ана» мешіті ұжымы мен аймақтың жамағаты бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасы жоғары деңгейді жүзеге асты. Алла Тағаладан еліміздің амандағы мен саулығын тілесіп, дұға жасалды. Құран оқылды.

«Бақара» сүресінің 261-аятында: 

«Мал-дүниелерін Алла жолында жұмсағандардың мысалы ‒ жеті бас масақ шығарған бір түйір дән тәрізді, әрбір масақта жеті жүз дәннен бар. Әрі Алла қалағанына еселеп арттырып береді. Алла ‒ Берекесі кең (Уасиъ), бәрін Білуші (Ъалим)», ‒ дейді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін