Қарағандыда қасапханалардың Құрбан айтқа дайындығы пысықталды

Биылғы Құрбан айттың өзгеше талаптарына байланысты рәсімді өз деңгейініде өткізу үшін Қарағанды облысында арнайы штаб құрылды. Құрылған штаб мүшелерінің ұйымдастыруымен  құрбандық  малы шалынатын арнайы орындар белгіленді.  Бүгін  әкімшілік және тазалық пен қауіпсіздік саласының мамандары және рәсімге жауапты деп тағайындалған мешіт қызметкерлері діни рәсім орындалатын жерлерді толықтай аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп шықты. Қасапхана иелерімен келіссөздер жүргізіліп, құрбан шалудың негізгі шарттарымен таныстырылды.

Діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындалады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін