ҚАРАҒАНДЫ 3689 ОТБАСЫНА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІН ТАРАТТЫ (ФОТО)

Барша мұсылман жұртына ортақ Құрбан айт мейрамы да аяқталды. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биылғы мейрам өзгеше өткен болатын.

Ұйымдастыру жұмыстарына бекітілген мешіт қызметкерлері карантин жағдайына байланысты арнайы режимде жұмыс істеп, өз міндетін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Барша мұсылман асыға күткен қасиетті мейрамда өңірімізде 2 сиыр, 68 қой, 143 тоқты, 66 ешкіге тапсырыс қабылданды.  Шалынған құрбандық еті көмек сұраған 1180 отбасынан өтініштер келіп түсті. 3689 мұқтаж отбасыға қайырымдылық ретінде ет таратылды.

Сонымен қатар, 12 құрбандық етінен қаламыздағы қарттар үйіне үлестірілсе, «Талбесік» көпбалалы аналар одағына  49 қойдың еті таратылды. Зағиптар қауымдастығына 12 қой, Асыл аналар қауымдастығына 51 қой, кәмелетке толмаған бейімдеу орталығына 1 қой және ауруханаға тегін 1  қой таратылды.

Қасиетті қуанышқа бөленген  жандар, қашықтан (онлайн) құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы жылы лебіздер мен игі тілектерін айтты. Осы ретте облысымыздағы қала, аудан, ауыл мешіттерінен қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалысып, мұқтаждың мұңын бөлісіп, сауапқа үлес қосқан барша азаматтарға айрықша алғыс айтамыз.

ҚМДБ – ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі қайырымдылық шаралары мүбәрак мейрам аяқталғаннан кейін де жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін