ЖЕЗҚАЗҒАН: МЕШІТКЕ ҚАЗАНДЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

ҚМДБ-ның отыз жылдық мерей - тойына орай  отыз игі іс-шара аясында республикамыздың барлық мешіттерінде түрлі шаралар жүзеге асып келеді. Осындай берекелі шараның бірі Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы»    мешітінде орын алды. Мешітке жаңа қазандық орнатылып, жылу жүйесі жаңартылды. Орнатылған қазандықтың көлемі 2200 шаршы метрді құрайды. Осы уақытқа дейін мешіт Жезқазған қаласының орталық қазандығына қосылып, жылумен қамтамасыз етілген. Алайда, орталық қазандықтың коммуналдық төлемі жылына 7000 000 теңгені құрап отырған. Мешіт тарапына қиындық туындатқан мәселенің  оң шешімін табу мақсатында Жезқазған мешітінің имамы Нұрбол Тағаевтың ұйымдастыруымен мешітке арнайы қазандық салынып, өз алдына жылу жүйесін ретке келтірілді. Қазіргі уақытта  мешіттің жылдық жылу төлем ақысы 1 700 000 теңгені құрайды, яғни 5 300 000 теңге қаражат үнемделіп отыр. Бұл Жезқазған мешіті үшін  әрине  үлкен жетістік. «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Нұрбол Тағаевтың айтуынша игі шара жомарт жандардың қолдау көрсетіп, мешітке қайырымдылық көмек көрсетуімен жүзеге асқан. Аталмыш мешітте алдағы уақытта тағы бірнеше игі істерді жүзеге асыру жоспарға алынған.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін