Қарағанды: «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы (фото)

Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды», – деген.

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Зекет» қорының өкілі Мұхит Джаримбетовтың ұйымдастыруымен «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы жүзеге асты. Игі шарада 30 көмекке мұқтаж отбасына азық-түлік үлестіріліп, тұрғылықты мекен-жайына жеткізіліп берілді.  Шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы берекелі шараға қол ұшын сөзып, көмек берген барлық жомарт жандарға алғысын білдірді.

Дін исламда қайырымды іс басқалардың қажетін өтеу арқылы, Жаратқанның разылығына ие болу үшін жасалады. Әйтпесе, сауаптың ауылы алыс. Елдің көркеюіне, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үлес қосамын деген ер азаматтарымыз көп болғай.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін