ҚАРАҒАНДЫ: облыс наиб имамы Хумар Қоныскерей іс-сапармен Осакаровка ауданына барды(фото)

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен  «Әнет баба» мешітінің наиб имамы,  Хумар Қоныскерей және наиб имам әрі аудан жетекшісі Ильмеев Талғат  Осакаровка ауданына қызметтік іс-сапармен барды. Әуелгі кездесу аймақтың музейінде жүзеге асып, облыстан арнайы келген қонақтар ғимараттың көрмесіндегі тарихи жәдігерлермен танысты. Сапар барысында ауданға қарасты мешіттер мен мешіт қызметкерлеріне арнайы жиын өткізіп, қазіргі ахуалға байланысты туындаған өзекті мәселелер мен мешіттердің қысқы дайындығын пысықтады. Сондай-ақ, ауданға қарасты екі мешітке бір айдың  көлемінде  дін қызметкерлерін тағайындау мәселесі қолға алынатындығы айтылды. Қызметтік іс-сапар барысында Осакаровка ауданының ішкі саясат басшысы Молдабаева Дана Халиоллақызымен кездесіп, өңірдің діни ахуалын талқыға салды. Өңірде жат ағым жұмыстары бойынша қарқынды жүргізілген жұмыстың нәтижесінде алты адам дәстүрлі Ханафи мазхабына өткен, қалған екі адаммен арнайы сабақтар мен дәрістер жүргізілуде. Бақылау-басқару жұмыстары барысында дін қызметкерлерінен ешқандай талап, шағым түспеді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі   

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін