Теміртау орталық мешітінің қыркүйек айында атқарған іс-шаралар есебі (фото)

Жылдағы үрдіс бойынша Теміртау орталық мешіті «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, жеткіншектерді мектепке әзірлеуге үлкен көмек көретті. Атап айтқанда 65 оқушыға мектеп сөмкелері берілді және лимитсіз трафикке ие sim карталар берілді.  Күнделікті сағат 09:00 және 22:00 аралығында жұмыс істейтін «діни ақпарат беру» орталығы ашылды. Теміртау қаласының имамы Естай Айтуғанұлы нөмірі 23-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне «экстремизм мен терроризімнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. ҚМДБ-ның «30-жылдық мерейтойына орай 30 мың тал отырғызу» акциясы  аясында мешіт ауласында тал отырғызылды. Еріктілер 16 мұқтаж отбасыға азық-түлік жеткізді, сонымен қатар, еріктілердің ат салысуымен тазалық жұмыстары  жүргізілді. Қалалық мешіттің маңайы толықтай тегістеліп, жұма намаздарына келушілерге арналған тұрақтар дайындалуда. Мешіттің жанынан жаңа септик қазылды. Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Елдос Жұмаділдә мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне дәріс жүргізді. Мешітінің имамдары  әлеуметтік желіде 24 рет онлаин дәріс жүргізді. Орталық мешіттің имамы Естай Әбдіғали қаланың ардақты қарияларымен жүздесіп, мешіт ақсақалдары алқасының келісуімен «ынтымақтастық меморандумы» қабылданып, жаңадан тағайындалған имамға ақ баталарын берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

                                                                                                                                                         

 

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін