Құнанбай қажы мешітінде қалпына келтіру (реставрация) жұмыстары жүргізіліп жатыр (фото)

Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті Қазақстандағы жалпыұлттық қасиетті нысандар мен кешендердің тізіміне енген тарихи, әлеуметтік маңызы зор нысан болып табылады. Халықты имандылыққа үндейтін бұл мешіттің салынуына 1849-1853 жылдар аралығында Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған Құнанбай Өскенбайұлы орасан еңбек сіңіргендіктен «Құнанбай қажы» мешіті атанып кеткен. Еліміз бейбіт күнге қолы жетіп, ел еңсесі тіктеліп, ҚМДБ-ның да  асыл дініміз үшін еңбек етіп келе жатқанына отыз жыл толды. Осы отыз жыл ішінде көптеген мешіттер салынды. Діни басқарманың отыз жылда отыз игі іс-шара бастамасы аясында  Қарағанды обысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Қарқаралы ауданы Құнанбай қажы мешітінде қалпына келтіру (реставрация) жұмыстары жүргізіліп жатыр.   160 жылдан астам тарихы бар Құнанбай қажы мешіті - тек өткен ғасырдан көрініс беретін діни орын ғана емес, сондай-ақ ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертетін бірегей құрылыс нысаны болып табылады.  

                                                             

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін