Қарағанды: Рухани келісім күні бірнеше дін қызметкерлері марапатталды

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген жақсы сөз бар.

18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бүгінгі мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып табылады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату.

Осы айтулы мереке қарсаңында облысымызда асыл дініміз Исламның өркендеуіне үлкен үлестерін қосып, қажырлы еңбек етіп жатқан бірнеше дін қызметкерлердің еңбегі еленіп, марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы және Үштөбе ауылының имамы Нығыман Жандос Әшімұлы. Игі шара барысында имамдарға Қарағанды облыстық дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел мырза  дін қызметкерлеріне аянбай бірлесіп атқарған еңбектері үшін ізгі тілегі мен алғысын білдіріп, өз қолымен алғыс хатын табыстады.  Осындай салтанатты шара Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласында орын алып, қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Тағаев Нұрбол Сайлауұлы жергілікті дін істері басқармасының мадақтама қағазымен марапатталды.

Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құр­мет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін