Балкен ана ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан жарыс өтті.

Қарағанды облысына қарасты  Балкен ана ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан жарыс өтті. Жарыста қатысушылардың Құранды жатқа айтуы мен тәжуидпен (қағидаларымен) көркем оқуына баса мән берілді. Сайыс барлық карантиндік талаптарға сай өтті. Жалпы 2 – номинация бойынша өтті.    Жарыс барысында 15 – жасқа дейінгі балалар арасында 1 пара оқу бойынша:

1-орын Құттыбай Дарын Дәулетұлы 50 000 тг. «Балкен ана» мешіті

2-орын Олжабай Айшуақ 30 000 тг. Әл-Мәшәни мешіті

3-орын Масанов Абдульанес 20 000 тг. Абай мешіті

Ең жас қари номинациясы бойынша Сманов Мұхаммед  (Сағат) 5000 (бес мың) теңге. Абай мешіті

Жеңіске үміткер номинациясы бойынша Өскенұлы Ерасыл (Пайғамбар өмірбаяны) 3000 (үш мың) теңге. Жыржыс қажы мешіті.

Екінші жеңіске үміткер номинациясы бойынша Воншонло Арафат (Пайғамбар өмірбаяны) 3000 (үш мың) теңге. Абай мешіті

                                                   

Үлкендер арасында өткен  1 парадан оқу бойынша:

1-орын  Олжас Есенұлы атындағы қайырымдылық орталығының шәкірті   Айтбаев Жақсылыққа бұйырды. Жүлделі сыйлық 50 000 тг,

2-орын  да Олжас Есенұлы  атындағы қайырымдылық орталығының шәкірті Қосылбеков Нұрханға бұйырды. Жүлдегер сыйлығы 30 000 тг,

3-орынды  Жартас мешітінің шәкірті Мусаров Рамазан иеленіп, 20 000 теңгені қанжығасына байлады.  

Көрермен көзайымы номинациясы бойынша Оразбек Берік 10 000 (он мың) теңге. «Балкен ана» мешіті

Үміткер номинациясы Амантай Елжан 10 000 (он мың) теңге. Балмағамбет Балқыбайұлы мешіті

 

Сайыс барысында Құран жарысына барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары ретінде Құран кітап және 2000 (екі мың) теңге конвертпен сыйға берілді.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін