«Ана-Мама» қайырымдылық қоры: Облыстық «Әнет баба» мешіті алғыс хатпен марапатталды

«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады».
(«Сәбә» сүресі, 39-аят

Әлемді жоқтан бар еткен Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын және адамдардың асылы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар мен сәлемдер болсын!

Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Ел басына  туған уақытша сынақ мерзімінде «Ана-Мама» қайырымдылық қоры облыстық «Әнет баба» мешітімен бірлесе отырып, көптеген қайырымды іс-шараларды жүзеге асырды. Көмекке мұқтаж жандардың көңіліне демеу көп балалы және жалғыз басты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді. Осы орайда, «Ана –Мама» қайырымдылық қоры облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлына арнайы келіп, «Әнет баба» мешіті ұжымына алғас хат табыстап, бірлесіп атқарған сауапты һәм шарапаты мол істер үшін ризашылықтарын білдірді. Арнайы құттықтауға келген қонақтарға кездесу барысында облыс бас имамы  алдағы уақытта да бірлесіп отыра , ел игілігі үшін атқарылатын игі ісер көп болсын десіп, батасын беріп, алғысын айтты.

Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін