Қарттар үйінде келелі кездесу өтті

Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің ұйымдастыруымен бүгін «Забота» қарттар үйіне арнайы жыл соңында зиярат жасалды. Игі шарада  мешіт наиб имамы Ермахан Оралбай
 қарттар үйіне арнайы ат басын бұрып, өмірдің қиындықтарына тап болған қарттардың көңілін көтеріп, ақ баталарын алып қайтты. Мерекемен құттықтаған наиб имам : «Қариясы бар елдің сарқылмас берекесі бар. Сіздердей қарияларымыздың ортамызда болуы үлкен нығмет. Себебі, кейінгі ұрпақтарыңызға айтар өнегелі өсиеттеріңіз дәл бүгінгі таңда ауадай қажет-ақ», - деп қарттарға ұзақ ғұмыр тіледі.  Діни  насихат айтып, сый-сияпат жасап, қарттармен сұхбат құрып қайтты.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін