ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: БІРНЕШЕ МАМАН БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ – ның Төралқасының кеңейтілген мәжілісінде арнайы жеті бағыт алға қойылып, оны жоғары деңгейде жүзеге асыруға басымдық берілген болатын. Соның бірі еліміздегі жат діни ағыммен жұмыс жүргізу бағыты. Осы ел игілігіне арнайы бағытталған жат ағымдармен жұмыста оң нәтижеге қол жеткізіп, белсенді жұмыс атқарғаны үшін облысымыздың бірнеше маманы арнайы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының   арнайы алғыс хатымен марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы, Қарағанды қалалық «Әл-Машани” мешітінің имамы Жанболат Хошкелдіұлы және Осакаровка ауданының имамы Жоламан Яхияевтың ерен еңбегі бағаланды. Салтанатты рәсім Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде орын алды. Арнайы алғыс хатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Казкенұлы табыстап, мамандардың алдағы еңбегіне сәттілік пен береке тілеп, батасын берді. 
Айта кетейік,  елімізде орын алған карантиндік жағдайға байланысты, марапаттау рәсімі діни басқарма тарапынан жергілікті жағдайды өткізу тапсырылған болатын. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін