Тіпті таулар мен ағаштар да Пайғамбарымызды (ﷺ) жақсы көрген

ITIlaoPU4bcХадисте: «Мені өздеріңнің әкелеріңнен, балаларыңнан және қалған барлық адамнан артық жақсы көрмейінше ешқайсыларың сенім келтірген болмайсыңдар»-дейді.

Алла елшісіне  (ﷺ) деген сүйіспеншілік сенімнің бір бөлігі болып табылады. Мұны Алла Тағала міндеттеген.  Пайғамбарға  (ﷺ) деген сүйіспеншілік оны адамзатқа мейірім нұры ретінде жіберген Алла Тағалаға деген махаббатымызды білдіреді.

Алла елшісіне  (ﷺ) деген сүйіспеншілік – Оның сүннетін сақтау, хадистерін оқу, оның уағызын тарату. Алла елшісін  (ﷺ) адам тұрмақ өзге жаратылыстар да жақсы көрген. Сондай мысалдарға тоқталсақ:

 

Құрма ағашы

 

Пайғамбар мешітінде  (ﷺ) құрма ағашы өсетін. Уағыз айтқан кезінде Алла елшісі  (ﷺ) сол ағашқа сүйеніп отыратын. Кейін мешіт жамағаты Алла елшісіне  (ﷺ) мінбер жасап береді. Алла елшісі   (ﷺ) уағызын сол мінберден айта бастайды. Сол кезде әлгі ағаш бала сияқты жылап қоя береді. Алла елшісі  (ﷺ) ағашқа келіп, қолын қойғанда ол жылауды тоқтатады. Сонда Пайғамбар (ﷺ): «Ағаштың қасында Алла Тағала еске алынатын, ал қазір мінбер жасағаннан кейін ол Аллаға айтылар зікірді естімейді. Егер мен оған қолымды қойып, ұстамасам ол Қиямет күнінен дейін жылар еді»-деген екен.

 

Ұхұд тауы

Ұхұд тауы – Ислам тарихиында маңызды орны бар жер. Бұл таудың қасында мұсылмандар құрайыштармен шайқасып, жеңіліп, көп шығын көтереді. Алла елшісі Ұхұд шайқасы мен онда қаза болған мұсылман бауырларын ылғи есіне алатын. Жыл сайын қаза болғандардың  қабір басына барып тұратын. Бірде тау қасынан өте барып Алла елшісі  (ﷺ): «Ұхұд  - бізді жақсы көретін тау және оны біз де жақсы көреміз»-деген.

 

Қағбадағы тас

 

Қағбада тұрған қара тасты Жәбірейіл Ибраһим пайғамбарға әкелген. Алла елшісі  (ﷺ): «Мен пайғамбар болмай тұрған кезде Меккеде маған қолдау көрсеткен тасты білемін және әлі есімде»-деген. Бұл тіпті тастың өзінің Алла елшісіне салауат айтқанына дәлел.

 

Хадисте: «Алланы өзіне разы күйде көргісі келетін адам мен үшін көбірек салауат айтсын».

«Маған Жәбірейіл періште келіп: «О, Мұхаммед, егер әлдекім саған салауат айтса, 70000 періште сол адам үшін салауат айтады. Ал періште салауат айтқан адам Жұмақты мекендейді»-деді»-деген.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін