Ақтоғай ауданында жастармен кездесу өтті (фото)

Бүгін Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданының имамы Рысбай Асылдың ұйымдастыруымен «Алихан Бөкейханұлы» атындағы мектеп оқушылары арасында «Білім алудың маңыздылығы» атты шара өтіп, уағыз-насихат жұмысы жүргізілді. Шараға аудандық «Жастар бөлімінің» басшысы Шыңғыс Мұратұлы қатысып, жас өренге қазіргі заман талабына сай жанжақтылық пен зеректіліктің маңызын түсіндірді. Ертеңгі ел болашағы бүгінгі жастардың қолында. Алдағы уақытта Ақтоғай ауданы жастармен бірігіп түрі жұмыс жүргізуді жоспарға алып отыр.


         ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін