Жеті бағыт құжаты «Құнанбай қажы» мешітінде талқыланды

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде ҚМДБ тарапынан бекітілген 7жұмыс бағыты бойынша аудан имамдарына жиналыс өткізілді. Жиынға арнайы келген Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы Құмар Қоныскерей және «Әл Машани» мешітінің найб имамы (Қарағанды облысы пәтуа бөлімінің жауапты өкілі) Мейірбекұлы Бауыржан  арнайы қатысып, мешіттің барлық жұмыс бағыттары бойынша толық ақпарат алды.  Діни басқарма тарапынан қабылданған жеті құжат бойынша жеке – жеке бөлімдерді талқыға салып, саралады. Үстіміздегі жылға тың жобалар мен жоспарлар бекітілді. Сондай-ақ жиынға Қарқаралы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Альпейсов Бауржан Байгалиевич және Жастар ресурстық орталығының жанындағы конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының меңгерушісі Хасенов Амантай Муратович қатысты. Жиынның күн тәртібінде ғуламалар кеңесінде қабылданған екі пәтуа баяндалды:
1. Тұтыну коопиративы арқылы мүлік сатып алу үкімі.
2. Еркек малдың ұрығын сату үкімі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін