ЖОЛАУШЫЛАРҒА «ЖАНҚҰТТЫ БИ» МЕШІТІ ПАНА БОЛДЫ

Қылышын сүйреткен қыс мезгілінің соңғы күндері облысымыздың тұрғындары үшін жеңіл болмады. Ауа-райының күрт өзгеруінің салдары әсіресе жолаушылардың жолда қатынауы қиындап кетті.  Дәл осындай күннің боранды әрі ызғарлы сәтінде «Жанқұтт би» мешіті  жолда қалған жолаушыларды қамқорлығына алып, пана болды.

Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітіне аялдаған жолаушыларға мешіт қызметкерлері демеу болып,  аудан имамы  Маханбетчин Берік Алпысбайұлы жолаушылардың жанынан табыла білді.

Жол жабық болып, көлікті аударып түсер желді күні жол ортасында қалғандар мұндай жылулық пен қамқорлыққа разы болып, шынайы алғысын жеткізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін