Колледж студенттерімен келелі кездесу өтті

Колледж студенттерімен келелі кездесу өтті
 
Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі студенттерімен «Ихсан ілімі» тақырыбында кездесу өтті.
 
Кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Құмар Қоныскерей, Асылхан Нұртайұлы, «Теміртау қаласы Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің дін мәселесі бойынша бас маманы Аян Картаев, Теміртау қаласы конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының басшысы Нұрлыбек Утебаев қатысты.
 
Рухани-танымдық іс-шара барысында Құмар Қоныскерей және Асылхан Нұртайұлы Ихсан ілімі – жаңадан басталған дүние еместігін, ата-бабаларымыздың осы рухани тәрбие жолын ұстанып келгендігін, сондай-ақ, бүгінгі таңда мүфтиятымыз тарапынан осы бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
 
Өз кезегінде “ Ихсан ілімі “ кітапшасы таратылып, жастар дәріскерлерге дін мәселесінде толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін