Теміртау:150 отбасына қайырымдылық шарапаты жасалды

Бірнеше күн бұрын Теміртау орталық мешіті жамағатты «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырған болатын. Алланың қалауымен, мейірімді жандардың арқасында, сондай-ақ жергілікті қолы ашық кәсіпкерлердің қолдауымен көлемді қайырымдылық іс-шарасы жүзеге асырылды.
 
Аталмыш іс-шара барысында, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған мешіт имамдары жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 150 жанұяға азық-түлік себеттерін табыстады.
 
«Sauap» орталығының еріктілері белгілі-бір себептермен мешітке келе алмаған отбасыларға азық-түлік себеттерін үйлеріне дейін жеткізіп, қолма-қол үлестіріп берді.
 
«Ислам – жақсылық пен ізгілік діні. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде садақа берген адамның өмір жасы ұзақ болып, одан бәле-жала аулақ болады деп айтқан. Осыған орай, бүгінгі шараға қол ұшын созып, атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз! Ниеттеріңіз қабыл болып, Алла сіздерге разы болсын!», деді Естай Айтуғанұлы

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін