«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІ: «Жат ағымның алдын-алу жолындағы әдіс-тәсілдер»

Бүгін Қарағанды облысына қарасты, Әлейхан Бөкейханұлы аудан, «Төлеутай ата»  мешітінде жиыны болып өтті. «Жат ағымның алдын-алу жолындағы әдіс-тәсілдер» атты тақырып бойынша бас қосқан дін қызметкерлерінің жиыны барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, діни оңалту бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Нұртайұлы және «Төлеутай ата» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы жиынның  мән-мақсаты мен маңызын түсіндірді.    Жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың  бағыт-бағдары қозғалды. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша облыстың барлық аймақтарында діни оңалту жұмысын қарқынды түрде жүзеге асыру қолға алынып, нәтижелі көрсеткішке ие болу мақсатқа алынып отыр.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін