«Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» аясында тұсау кесу рәсімі өтті

Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар. Сол секілді қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – тұсаукесер тойы. Шілдехана-бесік тойдан кейін сәби өмірінде ерекше аталып  өткізілетін салттың бірі – тұсаукесер.
Ер көңілді, жаны жомарт қазақ ұрпағының жолынан ешнәрсесін аямаған. Ұрпағы таршылық, тапшылық көрмесін, бай-бақытты молшылық ғұмыр кешсін, көңілі дарқан даладай, текті, жетелі, ел-жұртына сиымды, бауырмал, қадірлі, қайырымды көпшіл азамат болсын деген ата-ана алғашқы қадамын майлап, тұсауын кестіруді өз борышы санаған.

Осындай ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүр Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтті. «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында өткеншарада ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  қаз-қаз басқан бүлдіршіннің тұсауын кесіп, Өзінің ақ тілегі мен батасын берді. Тұсау кескен жанның кәде сыйы ретінде қуаныш иелері облыс бас имамына сый-сияпат жасап, ризашылықтарын білдірді.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз өз жалғасын таба берсін. Өмірге жаңадан қадам бақсан бүлдіршіндеріміз ертеңгі ел болашағының алтын көпіріне айналып, текті еліміздің тұғыры биік азаматы мен азаматшалары болсын. Әмин!

Назира Байназарова

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін