Ақтау ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы жүзеге асты

Теміртау қаласының маңында орналасқан Ақтау кентінде кезекті қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
 
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген атпен өткен іс-шараға Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, Ақтау ауылдық мешітінің имамы Фазыл Жұмабайұлымен бірге тұрмыстық жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестіріп берді.
 
«ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені баршамызға мәлім. Осыған орай, бүгін Ақтау ауылдық мешіті тарапынан кезекті ізгі шара жүзеге асты. Осы шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына және қолдау білдіріп, септігін тигізген әрбір азаматқа Алла разы болсын! Алла сіздерге мол сауаптан жазсын!», деді Естай Айтуғанұлы.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін