«Қазбек би» мешітінің имамы Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен семинар өткізді

 

«Байлық, байлық емес - бірлік байлық»,- деп бірлікті ту еткен тәуелсіз елміз.  Десе де, жастар арасында белең алған жат-ағым мәселесі ешкімді бей-жай алаңдатпай қоймайды. Осы орайда ҚМДБ-ның тарапынан түрлі тапсырмалар мен жобалар алға қойылып, үлкен жоспарлар іске асып келеді. Осындай шараның бірін Қарағанды облысына қарасты «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы Қаражал қаласына барған қызметтік іс-сапарында ұйымдастырды.  Ондағы жергілікті Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен арнайы семинар өткізді.

Семинар барысында  жиынға қатысушыларға семинардың мән-мақсаты мен маңызын түсіндіре келе шараны ұйымдастырудағы басты мақсат диструкивті діни ахуалға жол бермеу, жастардың дұрыс бағыттағы дінді ұстанып, ешкімнің жетегінде кетпей дұрыс жүруіне жағдай жасау екендігін тілге тиек етті. Деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастарды қоғамға қайтару үшін атқарылатын әдіс-тәсілдер талқыланды. Сондай-ақ, "Адал ас-тән саулығы" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. адал азықтың Ислам дініндегі маңызы мен мәнін айта келе, оның адам денсаулығына да берер пайдасын талқылады

Сондай-ақ, қоғамда толерантты таза  діни саланы қалыптастыру мен радикалды идеологияға қарсы күресті күшейту жөнінде,ұтымды ұсыныстар айтылды.   

 

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін