КЕЗЕКТІ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ САРАН ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің  еңбегі ерен.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысыс бойынша наиб имамы Құмар Қоныскерей және Мирас Ерланұлы арнайы қызметтік іс-сапар бойынша кезекті бақылау-басқару жұмысын Саран қаласында жалғастырды. Облыстан арнайы келген дін қызметкерлерін Саликов Мухамедкали қарсы алып, мешіттің қазіргі ахуалы мен тынысынан хабар берді. Сапар барысында мешіттің кіріс-шығыс құжаттары мен қызметтік барыс, мешіт ауласының тазалық жұмыстары бақыланды. Сондай-ақ, мәйітхана қызметінің барысы қадағаланды.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін