ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №2 ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ислам діні адамзатқа түрлі халықтар арасында тыныштық, бірлік, ынтымақ қалыптастыру мақсатында түсірілген. Аллаһтың 99 көркем атының бірі – «ассалам» – «тыныштық», «бейбітшілік» болуы, «Ислам» сөзінің араб тілінде «тыныштық, бейбітшілік» мағынасын білдіретін түбірден шығатыны біраз сырды аңғартса керек. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейханұлы» мешітінің имамы Естай Айтуғанұлы шаһардағы №2 полиция батальон қызметкерлеріне «экстремизімнің зардаптары» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Жат ағымның алдын-алу шаралары мен тәсілдері талқыланып, қоғамда орын алып отырған аталмыш мәселені болдырмаудың амалдары сараланып, түсіндірілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін