Нүркен ауылдық мешітінде Құран жарысы өтті

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы Нүркен ауылдық мешітінде Рамазан айының қарсаңында Құран Кәрім сайысы болып  өтті.

Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген еді.

Еліміздің 30 жылдық мерей-тойына байланысты өткізіліп жатқан Құран жарысы Қарқаралы өңірінде жастарды Құран оқуға ынталандырып, сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында жасалып жатқан іс -шара. Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде: 1- орын Теректі ауылдық мешітінің шәкірті Дәуірбек Нұржанға, 2 - орын Теректі ауылдық мешітінің шәкірті Тәуекелов Айдынға тиесілі болды. Кезекті 3 – орынды Нүркен ауылдық мешітінің шәкірті Қайрат Елдос қанжығасына байлады. Жүлделі орындарға йе болғандарға да, барлық қатысушыларға да алғыс хаттар үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін