Балқаш қалалық мешіті:футболдан жарыс өтті

Жалпы, соңғы уақытта Балқаш қалалық мешіті, мешіт жамағаттарын имандылыққа тарту жолында көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда.
Жақында Балқаш қалалық орталық  спорт  сарайында мини футболдан жамағат арасында жарыс болды. Балқаш қалалық мешіт жамағатының ұйымдастыруымен өткен жарысқа мешітіміздің наиб имамы және мешіт жамағаттары толықтай  қатысты. Жарыс бірнеше топқа бөлініп ойын көрсетті. Жарыстың соңында үздік ойыншыларға марапаттау рәсімі жасалып, сый-сияпаттар көрсетілді. Бірніші орынға 80 мың, екінші орынға 60 мың, үшінші және төртінші орын иегеріне  40,30 мыңнан ақшалай сыйлық берілді. 
Жарыстың негізгі мақсаты,  жамағат арасында  марқұм болған жамағаттардың  рухына тағзым етіп, еске алу еді. Қазақта өлі разы болмай,тірі байымайды демекші,  марқұмдардың рухына Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан құран бағыштап,дұға жасады. Содан кейін  наиб имам  жақсының жақсылығын айт нұры тассын деп, кейінгі жастарға алдыңғы ағалардың  үлгі болар асыл қасиеттерін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға, иманды ұрпақтың өсіп-өнуіне үлес қосу бүгінгінің жауапкершілігінде екенін атап  айтты. Еске алу кешіне марқұм болған жамағаттардың ата-ана, жақын-жуықтары  да қатысып, құранға қол жайып, дұғада болды. 
  Марқұм болған жамағаттардың жақындары   осындай игі шараны ұйымдастырған мешіт имамдары мен жамағаттарына  дән ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін