Абай ауданында «Таза қала» шарасы жүзеге асты (фото)

Қоршаған ортаға зиян келтірмей, оған жанышырлықпен қарау Ислам мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Жер анаға жанашырлықпен қарап, айналамызды қоршаған көркем табиғатты ластауға болмайтындығы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көптеген хадистерінде баяндалып, табиғатқа зиян келтіруге, құмырысқаның илеуін бұзуға, ара мен құрбақаларды өлтіруге болмайтындығы туралы айтылады. Алла елшісі (с.ғ.с) тазалыққа байланысты айтқан хадистерінде «Тазалық иманның жартысы»-деген. Осы орайда, Қасиетті Рамазан айында  Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының 60 жылдық мерей-тойына орай «Таза қала» атты  тазалық шарасы ұйымдастырылып, мешіт ауласы мен қарттар үйінің айналасына сенбілік жұмыстары жүргізілді. Аудан имамы Аманбол Рымқұлұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шараны  "Тазалық  иманның жартысы " деген қағида бойынша  әр сенбі күндері  өткізіп тұруды қолға алды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін