Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қаражал қалалық мешіті 20 отбасына азық-түлік үлестірді
30 сәуір, 2021 жыл 371 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысында қасиетті Рамазан айы басталғалы түрлі қайырымдылық шаралары жүзеге асып келеді. Мұның барлығы һайырлы айдың берекесі мен ырзық-несібеге толы, шарапатты ай екенінің дәлелі болмақ. Осындай кезекті сауапты һәм шарапатты істің бірін Қарағанды облысына қарасты Қаражал қалалық мешіті ұжымы мен жамағаты жүзеге асырды. "Рамазан сыйлығы" атты шара барысында шаһардағы көмекке мұқтаж, аз қамтылған жиырма отбасыға     азық-түлік таратылды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», - дейді қазақта. Берекелі ай барысында жүзеге асып жатқан шара ай соңына дейін жалғаспақ. 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары