Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«РАМАЗАН БЕРЕКЕТІ»- ҚАРАҒАНДФ:27433 ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
11 мамыр, 2021 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Биыл қасиетті Рамазан айы карантин жағдайында өткенімен, бұл жағдай сауапты амалдар мен игі шаралардың жүзеге асуына кедергі келтірмеді. ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен  облыс бойынша мешіт тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға, науқас жандарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасалды.  Бірнеше мекемелер мен қызметкерлерге, жатақхана студенттеріне «Ауызашар қоржыны» таратылды. отбасыларға қайырымдылық шаралары жасалды.  «Зекет»  және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жалпы облыс бойынша 14 490 адамға ауызашар үлестіріліп, «Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны арқылы 12 673 отбасына азық-түлік түлестірілді. 3,7 тонна ұн, 1,2 тонна «Баракат» шайы, 770 литр сұйық май үлестірілді. Сондай-ақ, 270 отбасына киім-кешек беріліп, 3 ірі-қара мен 8 қой сойылып еті көмекке мұқтаж отбасыларға үлестірілді. Қасиетті айда жүзеге асқан қайырымдылық шараларының жалпы көрсеткішін айтар болсақ, 26 373 адамға қайырымдылық жасалып, 5,5 тонна азық-түлік үлестірілді.

Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда игі іске атсалысқан барша азаматқа айрықша алғысымызды білдіресміз. Алла разы болсын!

«Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деп халқымыз айтқандай, ізгі амалдың сауабы еселініп, қайырын өздеріңіз көріңіздер деп тілейміз.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары