Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ ДӘРІСІ БАСТАЛДЫ
10 маусым, 2021 жыл 279 Басып шығару нұсқасы

Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.  Бүгін ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бір айлық жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Жас жеткіншектерді асыл дініміздің ілімімен сусындататын ұстаздар бүгіннен бастап балаларға Құран Кәрімнің әріптерінен бастап, қысқа сүрелерді жаттып, дұға жасау, ғибратты әңгімелер мен тәрбие сағаты бағытындағы пәндерден дәріс жүргізеді.  Сауат ашу курсының алғашқы күні Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жеткіншектерге Өзінің уағыз-насихатын айтып, білім алу жолында сәттілік тілеп, ыстық лебізі мен батасын берді. Айта кетейік, бір айға белгіленген жазғы дәріс алу курсы өз мәресіне жеткен соң шәкірттерге арнайы сертификат берілетін болады.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары