Тілдік нұсқа
Радио

Фото

АТА-АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
21 маусым, 2021 жыл 73 Басып шығару нұсқасы

Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-ана. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Осы орайда, ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде  жазғы сауат ашу дәрістерінде сабақ алып жатқан шәкірттердің ата-анасына құрмет көрсетіліп, алғыс хат табысталды. Рухани шара барысында мешіт имамы Хошкелді Жанболат Жұматұрұлы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ізгі ұрпақ тәрбиелеу жолында ерен еңбек етіп жүрген ата-аналарға Өзінің ізгі тідегі мен алғысын білдірді.    

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары