Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫ «SARYARQA» ТЕЛЕАРНАСЫН АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
29 маусым, 2021 жыл 79 Басып шығару нұсқасы

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің  мерекесі - кез-келген саланың жұмысын саралап, халықтың мұңын мінбердегілерге жеткізіп жүрген тілшілер қауымының еңбегін бағалайтын күн. Халық пен билікті жақындастырып, тәулік сағатымен санаспай тер төгетін тілшілер қандай құрметке болса да, лайық. Осыны ескерген Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы жергілікті «Saryarqa» телеарнасын арнайы құттықтап, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  арнайы құттықтау хатын жеткізіп, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының алғыс хатын табыстады. Асыл дініміз Ислам үшін ерекше қызмет етіп, мешіттеріміздің игі жаңалықтарын халық арасына насихаттауда аймағымызға қарасты БАҚ өкілдерінің сүбелі үлесі бар. Соның бірі «Saryarqa» телеарнасы ұжымы

Облыста өткен рухани шаралар мен діни мерекелерде үнемі мешіттен табылып, дін қызметкерлерімен етене жұмыс істеп, жанашырлық танытып отыратын «Saryarqa» телеарнасы тегеуріні берік ұйым. Бүгін облыстық «Әнет баба» мешітінен келген дін қызметкерлері аталмыш мекемені айтулы мерекемен құттықтап, Өзекжарды тілектерін білдіріп, алдағы уақытта да қызметтік байланыстың нығайуына ниеттерін білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары