Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ:ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ
15 шілде, 2021 жыл 286 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде БАҚ өкілдеріне арналған жиын өтіп, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы биылғы Құрбан айттағы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталды.        Құрбан айт мерекесі биыл елімізде 20-22 шілде аралығында өтетінін хабарлай келе, құрбандық шалу рәсімі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, онлаин форматта өткізілетінін алға тартты.

Жиынға Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармысының бөлім бастығы Аймағамбетов Нұрлан Мақсұтұлы және Қарағанды қаласының Октябрь ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармысының бөлім бастығы Төлеуханов Еркебұлан Арынғазыұлы қатысып, құрбан ашу рәсімі арнайы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отыра өтетінін жеткізді. Сондай-ақ, мереке күні оқылатын айт намазына қазіргі орын алған санитарлық талаптарға байланысты әзірше рұқсат берілмегенін алға тартты.

Жиын барысында облыс бас имамы: «Онлаин құрбан шалушы ҚМДБ-ның арнайы құрған qurban2021.kz  сайты арқылы тапсырыс беріп, құрбандық малын шалдыра алады. Сондай-ақ, қайырымдылық етін аламын деуші жандар да осы сайт арқылы ет алуға өтініш білдіре алады. Ал, құрбандықтың еті былтырғы дәстүр бойынша қайырымдылыққа жұмсалып, көмекке мұқтаж, қолдауға зәру жандарға үлестірілетін болады. Сайттың басты мақсатының бірі бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесін қолданып, құрбан шалу рәсімін шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асыру» деп атап өтті.  

Брифинг кезінде облыс бас имамы құрбандық шалатын арнайы бекітілген орындар және мұқтаж отбасыларға құрбандық етін тарату жұмысын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы мешіттері, жамағаты мен еріктілер жүзеге асыратынын атап өтті.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары