Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «5 –АРНАДА» СҰХБАТ БЕРДІ
15 шілде, 2021 жыл 189 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды қаласындағы жергіліті «5-арна» телеарнасында  ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы сұхбат беріп,  биылғы Құрбан айттағы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталды.                      Құрбан айт мерекесі биыл елімізде 20-22 шілде аралығында өтетінін хабарлай келе, құрбандық шалу рәсімі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, онлаин форматта өткізілетінін алға тартты. Құрбан шалу рәсімі арнайы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отыра өтетінін жеткізді. Сондай-ақ, мереке күні оқылатын айт намазына қазіргі орын алған санитарлық талаптарға байланысты әзірше рұқсат берілмегенін алға тартты. Сонымен қатар, онлаин құрбан шалушы ҚМДБ-ның арнайы құрған qurban2021.kz  сайты арқылы тапсырыс беріп, құрбандық малын шалдыра алатынын,  сондай-ақ, қайырымдылық етін аламын деуші жандар да осы сайт арқылы ет алуға өтініш білдіре алатынын тілге тиек етті.  Ал, құрбандықтың еті былтырғы дәстүр бойынша қайырымдылыққа жұмсалып, көмекке мұқтаж, қолдауға зәру жандарға үлестірілетін болады. «Сайттың басты мақсатының бірі бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесін қолданып, құрбан шалу рәсімін шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асыру» деп атап өтті.

Сұхбат барысында облыс бас имамы құрбандық шалатын арнайы бекітілген орындар және мұқтаж отбасыларға құрбандық етін тарату жұмысын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы мешіттері, жамағаты мен еріктілер жүзеге асыратынын атап өтті.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары