Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ:ҚҰРБАН АЙТТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ 12 560 КГ ЕТ ТАРАТЫЛДЫ
20 шілде, 2021 жыл 403 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Ұлық мейрамының маңызы рәсімі барысында дін    қызметкерлері 
 күшейтілген режимде жұмыс істеп, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы қала бойынша 1687  мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді. Яғни шаһар бойынша 12 560 кг ет көмекке зәру отбасыларға теңдей үлестіріп берілді. Шалыннған құрбандық тиісті тапсырыс иесіне фото, видео есеп ретінде толық жіберіліп отырды. Құрбан Айттың екінші күніне де  www.qurban2020.kz сайтын арқылы қашықтан құрбан шалуға тапсырыс беру әлі де жалғасы үстінде. Құрбан Айтқа қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтермен жеке жұмыс жасалып, мамандарымыз тиісті жауаптарын берді. Сұрақтар толығымен қанағаттандырылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде. Сондай-ақ, қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы жылы лебіздер мен игі тілектер келіп түсуде.  
Осы ретте Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалысып, мұқтаждың мұңын бөлісіп, сауапқа үлес қосқан барша азаматтарға, сондай-ақ жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына айрықша алғыс айтамыз. 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары