Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ БЕЙНЕУ МЕН ЖЕТІБАЙҒА 2 ВАГОН ШӨП ЖІБЕРДІ
06 тамыз, 2021 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан  «Қиындықта ел бірге» атты қайырымдылық жобасы Қарағанды облысында екінші мәрте жүзеге асып, бұл жолы Маңғыстау облысына қарасты  Бейнеу мен Жетібай ауданына 2 вагон шөп жіберді. Айта кетейік, бұған дейін де Бейнеу мен Шетпеге 6000 түк шөп жіберілген болатын.

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп  айтты» делінген.

Биылғы жауын – шашынның аз болуынан жерге шыққан көктің тапшылық етуі, еліміздің бірқатар өңіріндегі мал шаруашылығына кері әсерін бермей қоймады. Қуаңшылықтың салдарынан көптеген мал басы зардап шеккен болатын. Осы орайда, уақытша сынақ пен қиындықты бастан кешіп жатқан қысылтаяң кезеңде қандас бауырларымызға жәрдем беру мақсатында Қарағанды облысына қарасты мешіттер мен дін қызметкерлері,  жамағаты арнайы қайырымдылық асарын ұйымдастырып, төрт вагон шөп артылған көлікті Маңғыстау облысына қарасты Бейнеуге мен Жетібай ауданына аттандырды. Жауапкершілігі мол һәм сауапты шара барысында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  жүрегі елім деп соққан барша жомарт жандарға, демеушілік көмек көрсеткен азаматтарға үлкен алғысын білдіріп, алыс сапарға аттанғалы отырған жеткізушілерге ақ жол мен сәт сапар тіледі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-дейді қазақта. Осы орайда халқым деп қандастарына қолдау көрсеткен жандарға айрықша алғысымызды білдіреміз.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары