Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ
29 тамыз, 2021 жыл 157 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін Қарағанды облысының барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды. Бас мүфти бастамасы негізінде жүзеге асқан игі іске облысқа қарасты барлық қала, аудан, ауыл құлшылық ордалары бірыңғай үн қосып, жергілікті уақыт есебімен сағат 10.00-де бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен жамбылдық жерлестерімізге сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары