Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«FIRDAUS» МЕЙРАМХАНАСЫ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ
03 қыркүйек, 2021 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

Қонақтарына адал астың түр-түрін ұсынып, оң бағасына ие болып жатқан «FIRDAUS»мейрамханасына кезектен тыс тексеріс жұмыстары жүргізілді.   

Мекеменің қызмет барысын толық тексерістен өткізіп, дәмхананың асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында «Халал Даму» ЖШС –ның технолог маманды Сатаева Айзат және  Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.  Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. Алдағы уақытта «FIRDAUS»  дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз! Дәмхана Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі 9|6 мекен-жайында орналасқан.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары