Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ(ФОТО)
09 қазан, 2021 жыл 56 Басып шығару нұсқасы

Ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында  Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  және "Әнет баба" мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат арнайы бақылау-басқару жұмысы бойынша Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласына барған қызметтік іс-сапары барысында «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітіне ат басын бұрды.  Аймаққа қарасты барлық мешіттердің дін қызметкерлеріне арнайы жиын ұйымдастырылып, мешіттің тыныс-тіршілігімен, қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан жөндеу жұмыстарын пысықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына  арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген  облыс бас имамы алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары