Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС ИМАМ ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)
09 қазан, 2021 жыл 40 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Жезқазған қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс барысымен танысты.

Шара барысында Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Омар Нұрперзент облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұратқа құрылыстың тысын-тіршілігін баяндап, таныстырды. Бас имам сәулетті құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасып, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына, ынтымақ пен тұтастыққа баулитын ғибадат үйлерінің негізгі қызметі турасында насихат айтты.

Аллаға шүкір, бүгінгі таңда мешіт салу ісі Қарағанды өңірінде қарқынды жүргізіліп келеді келеді. Мешіт салу жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Алланың разылығын көздеп жер бетінде мешіт салса, Алла Тағала оған жұмақтан бір үй салады», – деген (Бұхари, Мүслім, Тирмизи, Ибн Мәжа). Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына көшіп келгенде ең әуелі қолға алған жұмысы мешіт салу болды. Осындай ігі һәм сауапты істі жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласында да жаңа мешіттің қазығы қағылып, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары