Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ (ФОТО)
08 желтоқсан, 2021 жыл 313 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті.

Облыс наиб имамдары мен қала, аудан имамдары қатысқан алқалы жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы және теріс ағыммен күрес бағыттары, аймақтардағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд ретінде көрсетілді.

Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты  облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жылдық есеп тапсырған аудан, қала мешіттерінің жұмыстарына оң бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайлы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды.

Жиналыс соңында облысқа қарасты барлық мешіттерге мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты. Есеп беру барысында облыс бас имамы аудан, қала имамдарына 2021- жылы жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары