Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫДА БІР ЖЫЛДА 6 МЕШІТ АШЫЛДЫ
19 қаңтар, 2022 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде асыл дініміз Ислам  қазақ даласына кеңінен  құлш жайып, халқымыз имандылыққа бет бұрып, елімізде көптеген жаңа мешіттер мен діни оқу орындары бой көтерді. ҚМДБ-ның Қарағанды облысында 2021 жылы 6 мешіт құрылысы аяқталып, мұсылман қауымныың игілігіне берілді. 42 мешіт күрделі жөндеуден өтті.

Облыстағы жалпы мешіт саны қазіргі уақытта  157, қалалық мешіттер саны 27, аудандық мешіттер саны 9, ауылдық мешіттер саны 121. Қазіргі уақытта

 11 мешіт салынуда.

 «30 жылдық мерейтойға 30 мың тал отырғызу» акциясына орай 3337 тал отырғызылды және 157 мешіт дезинфекциялық құралдармен жабдықталды.

Қарағанды облысы бойынша орналасқан 157 мешіт толықтай жылумен қамтылған. Оның ішінде  131 мешіт көмір арқылы, 4 мешіт электр қуаты арқылы, 22 мешіт орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылынады.

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары